Өңірде қытайлық инвестордың қатысуымен лифт жабдықтарын дайындау мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«ӘКК Ертіс» АҚ өкілдері лифт жүйелерін өндіру және техникалық қызмет көрсетуге мамандандырылған қытайлық компаниямен келіссөз жүргізді.
- Шетелдік тарап өз өндірісін біздің облыста кеңейтуге қызығушылық танытты. ӘКК активтерінің бірі — бұрынғы Серебрянскі органикалық емес өндіріс зауыты кешені инвесторға әлеуетті алаң ретінде ұсынылды, - делінген «ӘКК Ертіс» АҚ ақпаратында.
Пікірлер