Соттың мәліметінше, әйел алаяқтардың ықпалымен «ҚазАтомПром» инвестициялық жобасына тіркеліп, 913 300 теңге аударған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында 602 300 теңге М. есімді азаматтың атына ашылған банк шотына, ал 311 660 теңге О. есімді азаматтың банк шотына аударылғаны анықталған.
Аталған тұлғалар сотта жауапкер ретінде танылды. Алайда олар өздерінің де алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын жеткізді. Соған қарамастан, сот жауапкерлердің әрекетін «негізсіз баюға жол берді» деп танып, олардан қаржыны өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер