A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:15 0

Зайсан ауданында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Бүгін / Зайсан

2 ақпанда Біржан ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылының тұрғындары «Ішімдіксіз, құқықтық тәртіп орнаған ауыл» республикалық бастамасына қосылу туралы шешім қабылдады. Аталған шешім ауыл тұрғындарының жалпы жиналысында бірауыздан қолдау тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, «Алкогольсіз ауыл» кездесуіне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, білім беру саласының өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Онда құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды нығайту және жас ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. 

Жиын қорытындысы бойынша Қуаныш ауылын алкогольсіз ауылдар қатарына енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл бастама құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Осылайша, Қуаныш ауылы «салауатты ауылдар» қатарына қосылған Зайсан ауданы бойынша үшінші, облыс бойынша 22-ші елді мекен атанды. 

Айта кетейік, қазір ауылдағы 80-нен астам үйде шамамен 370 адам тұрады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив