«Бұқтырма Арена» деп аталатын жоба Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаевқа таныстырылды. Бұл туралы аудан басшысы өзінің ресми Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Идея авторы әрі инвестор — Алтай ауданның тумасы, белгілі қазақстандық кәсіпкер Александр Дериглазов.
Ол ағасымен бірге «Меломан» дүкендер желісін құрған. Қазір Шығыс Қазақстанда туристік қызметпен айналысып жүр.
Кешен аумағында қонақүй мен мейрамхана салу, спорттық-сауықтыру инфрақұрылымды дамыту көзделген. Жоба аясында іс-шаралар өткізуге арналған алаңдар, балық аулауды ұйымдастыру, кемелерге арналған тұрақ және жол бойындағы сервистік нысандар қарастырылған.
Жобаны Бұқтырма станциясы аумағында жүзеге асыру жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарының басталу мерзімі мен инвестиция көлемі әзірге нақтыланған жоқ.
Пікірлер