Қазір әуежай ғимараты мен ұшу-қону жолағы сақталғанымен, қайта қалпына келтіруді қажет етеді. Облыс әкімдігінде нысанды жеке инвесторға беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Парыгин ауылдық округінің әкімінің сөзінше, инвесторлар ұсыныс білдірген. Олардың шамамен 2 миллиард теңгені құрайтын дайын бизнес-жобасы бар көрінеді.
Алайда әзірге нысанды жеке инвесторға беру мүмкін болмай отыр. Себебі құжаттар толық ретке келтірілмеген. Әуежай ұзақ уақыттан бері пайдаланылмай келеді.
– Шекаралар нақтыланбаған. Құжаттар реттелуде. Қазір Зубовск кенті мен әуежай аумағы арасындағы шекараны бөлу жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар толық сәйкестендірілгеннен кейін ғана нысанды беру мәселесі қарастырылады, – деді Ғани Төлеков.
Әкімдікте атап өткендей, аумақ шекарасын айқындау және жер телімін бөлу ұзақ уақытты талап етеді.
Пікірлер