Аудан тұрғынының жоғалғаны туралы полицияға оның анасы айтқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлан аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне әйел 14 ақпанда 1995 жылы туған ұлының сол күні сағат 17:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмағанын хабарлаған.
– Бейнебақылау камералары арқылы полиция қызметкерлері ер адамның жүріп өткен бағытын анықтап, болуы мүмкін орындарды жедел түрде тексерді. Оның жүрген жері аз уақыт ішінде анықталды. Өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ, — деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Пікірлер