Зайсан аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемдену) бойынша іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, азық-түлік қоймасында есепші-кассир болып жұмыс істеген О есімді әйел 2025 жылдың тамыз–қазан айлары аралығында компания кассасынан 10 844 549 теңгені заңсыз түрде иемденген.
Сот әйелдің шынайы өкінуін және кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, оған мүлкін тәркілеумен бірге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап қанағаттандырылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ
Пікірлер