A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 11:00 0

Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады?

Бүгін / Пайдалы / Республика

Наурыз айы қазақстандықтар үшін демалысқа ең көп айлардың бірі болады: бес күндік жұмыс аптасында 13 күн, ал алты күндік жұмыс аптасында – тоғыз күн демалыс болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Наурыз айында қазақстандықтар төрт сенбі, бес жексенбі және Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесіне байланысты қосымша төрт күн демалады. Бес күндік жұмыс аптасында барлығы 13 күн демалыс беріледі. Алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс тоғыз күнге дейін қысқарады. 

2026 жылы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп отыр. Демалыс күніне сәйкес келетіндіктен, ол 9 наурызға ауыстырылады.

Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 7, 8 және 9 наурыз күндері демалса, ал алты күндік жұмыс аптасында - 8 және 9 наурыз күні демалады (7 наурыз - сенбі). 

Қазақстандықтар Наурыз мерекесінде дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында демалады.

Алайда биыл 21 және 22 наурыз сенбі және жексенбіге түсіп отыр, сондықтан ауыстыру ережелеріне сәйкес, қосымша тағы екі күн қосылады – 24 және 25 наурыз. 

Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар Наурыз мерекесінде бес күн – 21-25 наурыз аралығында, ал алты күндік жұмыс аптасында төрт күн – 21-24 наурыз аралығында демалады.

Айта кетейік, бұл айда оқушылар үшін көктемгі демалыс та басталып, 10 күнге созылады – 19 наурыздан 29 наурызға дейін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив