A+ A A-

talgatzhan 41 Кеше, 15:10 0

Тарбағатай ауданында кәсіпкер азық-түлік бағасын қымбаттатып жіберген

Бүгін / Тарбағатай

Тексеру кезінде кейбір азық-түлік өнімдерінің тым қымбат бағада сатылып жатқаны анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, Тарбағатай ауданына қарасты Қабанбай ауылындағы дүкендердің бірінде кәсіпкер көкөніс өнімдерінің бағасын өсіріп жіберген. 

Анықталғандай, келісі 170 теңгеден алынған қырыққабат 250 теңгеден, келісі 130 теңгеден сатып алынған пияз 250 теңгеден сатылған.

«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі сатып алу бағасының 15%-ынан аспауы керек.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ




Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив