A+ A A-

talgatzhan 35 Кеше, 17:10 0

Зайсан ауданында ірі қарадан ауру анықталды

Бүгін / Зайсан

Аудан аумағында жабайы түлкімен байланысқан ірі қара мал арасында құтыру ауруы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов мәліметінше, оқиға биыл болған. 
– Түлкі дер кезінде қолға түсіп, жүргізілген диагностикалық зерттеулер нәтижесінде жануардан құтыру вирусы анықталды. Ауру ошағы белгілі болған соң мамандар ірі қара мал басын жедел тексеруден өткізді. Зертханалық сараптама қорытындысында бес сиырдың құтыру жұқтырғаны белгілі болды, – деді ол. 
Инфекция ошағында эпизоотияға қарсы іс-шаралар шұғыл түрде жүргізілді. 
Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай жағдай былтыр Тарбағатай ауданында тіркелген. Түлкі үй жануарын тістегенімен, зертханалық тексеру нәтижесінде одан құтыру вирусы табылмады. Осы ретте мамандар ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін уақтылы вакцинация жүргізуге және жануарлардың күдікті мінез-құлқы байқалса, ветеринариялық қызметтерге дереу хабарлауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив