Аталған ауданда Северное ауылында «ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалы жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға жолды қардан тазалау жұмыстары аяқталған соң арнайы жол техникасына техникалық қызмет көрсету кезінде тіркелген. Оқиға салдарынан қызметкер ауыр жарақат алып, жедел жәрдем бригадасы дер кезінде шақырылғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Марқұм еңбек еткен №30 учаскесі «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың ең күрделі бөліктерінің біріне қызмет көрсетеді. Бұған дейін ауа райы қолайсыздығына байланысты аталған бағытта қозғалыс шектелген болатын.
Аталған жағдай бойынша қызметтік тексеріс басталды. Арнайы комиссия құрылып, жағдайдың мән-жайы мен себептері жан-жақты зерделеніп жатыр. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлері жұмыс істеуде, ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдарға, соның ішінде еңбек инспекциясына жолданды.
– Қызметкердің отбасына қолданыстағы заңнама мен компанияның ішкі тәртібіне сәйкес қажетті материалдық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіледі, – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Пікірлер