A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:35 0

Зайсан көлінде суды аэрациялау жұмыстары жүргізілді

Бүгін / Зайсан

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің ақпаратынша, суда балықтарға оттегінің жетіспеуінің алдын алу мақсатында Зайсан көлінің сол жағалауындағы Тұзды учаскесінде жуырда аэрациялық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандар мұз қабатын ойып, арнайы ойықтар жасайды және қамыс шоқтарын орнатады. Сол арқылы суға ауа өтіп, су айдындарындағы балықтарға қажетті оттегі жетеді.
Мұндай шаралар дәстүрлі түрде қыстың соңында - ақпан-наурыз айларында ұйымдастырылады. Дәл осы кезеңде балықтың қырылу қаупі күшейеді.
Елдің су ресурстарының 40 пайызы шоғырланған Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында жыл сайын мыңдаған ойық бұрғыланады. Жұмыстар барысында мұз ойғыш құралдар мен арнайы техника кәдеге жаратылады. Бұл - әдеттегі жұмыс көрінгенімен, балық қорын сақтауға және су экожүйесінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған аса маңызды шара.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив