Мерекелік іс-шара аясында «Ең ұзын бұрым», «Заманауи киімдегі ұлттық стиль» және «Наурыз қыз» атты байқаулар өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ең қызықты сайыстардың бірі — «Ең ұзын бұрым» байқауы. Оған 16 мен 35 жас аралығындағы қыз-келіншектер қатыса алады. Байқаудың басты талабы жасанды немесе қосымша шаш қолдануға рұқсат етілмейді. Қазылар алқасы шаштың ұзындығын өрілген және тарқатылған күйінде өлшейді. Сонымен қатар шаштың күтімі, шаш үлгісінің ұқыптылығы және ұлттық дәстүрге сәйкестігі де бағаланады. Қатысушылардың ұлттық киіммен шығуы құпталады.
«Заманауи киімдегі ұлттық стиль» байқауы ұлттық киім элементтерін қазіргі сән үлгілерінде насихаттауға бағытталған. Бұл сайысқа жеке авторлар, шығармашылық ұжымдар, оқушылар, студенттер, сондай-ақ жас және кәсіби дизайнерлер қатыса алады. Қатысушылар ұлттық киімнің заманауи үлгісін, ұлттық нақыштағы күнделікті киімдерді, сахналық немесе мерекелік костюмдерді, ұлттық стильдегі аксессуарларды ұсына алады. Қазылар алқасы идеяның ерекшелігін, көркемдік деңгейін және жұмыстың сапасын бағалайды.
Тағы бір байқау — «Наурыз қыз». Бұл сайыс сәндік-қолданбалы өнерге арналған. Қатысушылар ұлттық киімдегі қыз бейнесін бейнелейтін қуыршақ жасауы тиіс. Жұмыстарды мата, киіз, жіп, қағаз, ағаш, саз немесе табиғи материалдардан жасауға болады. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.
Барлық байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталады. Іс-шараны Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырады.
Қатысуға өтінімдер 16 наурызға дейін қабылданады. Өтінімді otdel_kult_altai@mail.ru электрондық поштасына жіберуге немесе Тәуелсіздік көшесі, 18 мекенжайындағы мәдениет бөліміне жеке тапсыруға болады.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
📞 8 (72335) 7-84-15
📞 8-776-490-43-87.
Пікірлер