A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:50 0

ШҚО-да «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады

Бүгін / ШҚО / Пайдалы

13–23 наурыз аралығында елде ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған. 

Акция кезеңінде сауда субъектілері халыққа азық-түлік және азық-түлік емес тауар топтарына 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді. Атап айтқанда, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар орналастырылып, сатып алушыларға ассортиментте оңай бағдарланып, жеңілдікпен ұсынылған тауарларды жылдам табуға мүмкіндік береді.

Акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі бар. 

Шығыс Қазақстанда акция келесі сауда орындарында өтеді: “City Center”, “Family Market”, “Magnum”, “Алма стор” сауда желілері, “Колос”, “Волна”, “45 гастроном”, “Самал”, “Алтай маркет”, “Фараон”, “Император” сауда үйлері мен “ТНП” сауда орталығы. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив