A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 10:00 0

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізген 7 адам анықталды

Бүгін / ШҚО

Өңірде 10–13 наурыз аралығында өткен «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу шарасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Төрт күн ішінде полицейлер 2300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Ең жиі тіркелгендері: 
315 жағдай — тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз жүру;
238 жағдай — алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас күйінде жүру;
86 жағдай — кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруі;
120 жағдай — шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзуы.
Сонымен қатар полицейлер заңсыз сақталған 12 қаруды тәркіледі.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, шара барысында жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. Осы кезеңде 1700-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталған.
Атап айтқанда, 7 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды, қарсы жолаққа шығудың 6 дерегі тіркелді, 15 адам жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан көлік басқарған, 236 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив