Енді медициналық мекемеде қала мен облыс бойынша жалғыз GE Voluson Expert 20 премиум санатындағы ультрадыбыстық аппараты бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаңа құрылғы жоғары сапалы 3D және 4D форматындағы бейнелерді алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүктіліктің скринингтік кезеңдерінде ұрықтың дамуын жан-жақты бағалап, ықтимал ауытқуларды дер кезінде анықтап, қажетті шараларды қабылдауға жағдай жасайды.
Орталық мамандарының айтуынша, мұндай деңгейдегі диагностиканы қалада тек осы медициналық мекеме ұсына алады.
Ана мен бала орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімі Шәкәрім даңғылы, 149/2 мекенжайында орналасқан.
Зерттеуге жазылу немесе қосымша ақпарат алу үшін:
8-771-944-47-47, 8-771-944-47-48, 8 (7232) 20-89-99 нөмірлеріне хабарласуға болады.
Пікірлер