A+ A A-

talgatzhan 13 Бүгін, 10:50 0

Қазақстандықтар ақпанда айында қандай көліктерді жиі сатып алды?

Бүгін / Республика

Жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша елде 27 643 көлік сатылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ақпан айында Қазақстанда ресми дилерлер 13 399 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты. Бұл өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда 16,1%-ға аз. Бұл туралы Қазақстан автомобиль одағы хабарлады.

Жылдың алғашқы екі айының қорытындысында елде 27 643 көлік сатылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға көп.

Одақ президенті Асель Макашева қыс мезгілінің соңғы айында сатылым азайғанына қарамастан, жаңа автокөліктер нарығында оң динамика сақталып отырғанын атап өтті.

– Ақпан айында ең көп сұранысқа ие болған он модельдің барлығы Қазақстан аумағында шығарылады. Бұл тұтынушылардың отандық автокөлік өндірісіне деген сенімін көрсетеді, – деді одақ басшысы.

Ақпан айында ең көп сатылған брендтер ондығын Hyundai бастап тұр – 2768 көлік. Екінші орында Kia (2402), үштікті Chevrolet (1975) түйіндеді.

Тізімде сондай-ақ мынадай брендтер бар:

Chery – 1043

Jetour – 808

Changan – 748

Haval – 535

Geely – 403

JAC – 357

Toyota – 288

Фото: Finratings.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив