Шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Акцияның негізгі мақсаты – қаладағы қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, рұқсатсыз жапсырылған жарнамаларды алып тастау, қаланы көркейту және жастар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.
– «Таза Қазақстан» акциясы аясында заңсыз жарнамаларды алып тастау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Егер жарнамалар рұқсатсыз жапсырылған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық қарастырылады, – деді Өскемен әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының директоры Аслан Бауыржан.
Акция барысында қоғамдық орындар мен аялдамаларда рұқсатсыз орналастырылған жарнамалар алынып тасталуда. Атап айтқанда, «Халифа Алтай» мешіті аялдамасы, облыстық драма театры аялдамасы, Спорт кешені аялдамасы және Сәтбаев даңғылы аялдамасы қамтылды.
– Бұл жұмыстың басты мақсаты – қала көркін сақтау және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, – деді қалалық Жастар ресурстық орталығына қарасты волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Анель Шәріпжанова.
Пікірлер