Ауданда «Жақсылық жасап жарысайық!» қамқорлық акциясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қамқорлық акциясы барысында жергілікті кәсіпкерлер өз қаражаттары есебінен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті. Мұқтаж отбасыларға 35 тонна көмір түсіріліп, 20 азық-түлік себеті таратылды.
- Бұл көмек бірқатар отбасының тұрмыстық жағдайын жеңілдетті. Игі іске ұйытқы болған азаматтар қоғамдағы жанашырлық пен әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Осындай бастамалар ел ішіндегі бірлік пен мейірімді арттырып, өзгелерге де үлгі болары сөзсіз, - деп хабарлады Тарбағатай ауданының әкімдігінен.
Аудан тұрғындары қамқорлық танытып, қайырымдылық ісіне үлес қосып жүрген азаматтарға өз алғыстарын білдірді.
Пікірлер