A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:20 0

Күршім ауданында мұз жару жұмыстары жүргізілді

Бүгін / Күршім

Өңірде су тасқынын алдын алуға бағытталған шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күршім ауданына қарасты Маралды және Теректібұлақ ауылдарының маңындағы өзендерде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл судың арнасынан аспай, еркін өтуіне мүмкіндік береді. Жалпы жүргізілген жұмыстардың көлемі 21700 шаршы метрді құрады.

- Бұл шаралар су тасқыны кезеңінде қолайсыз жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Осындай тәсіл мұз жамылғысын бұзып, оның қозғалуын жеңілдетеді. Негізгі мақсат – мұз кептелістерінің алдын алу, – деді ШҚО Төтенше жағдайлар депаратаменті бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив