A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 11:45 0

ШҚО-да бірқатар тауар түрі жеңілдікпен сатылып жатыр

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдин мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Республикалық «Наурыз Fest» акциясы аясында облыс тұрғындарына тауарларды қолжетімді бағамен сатып алуға қосымша мүмкіндіктер ұсынылды. Бұл бастама ҚР Сауда және интеграция министрлігі тарапынан қолға алынып, отандық нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Аталған акцияға «City Center», «Family market», «Magnum», «A-Store» сауда желілері, «КП торг», «Император» сауда үйлері мен «ТНП» сауда орталығы қатысуда.
Осылайша, азық-түлік тауарларына 5%-дан 15%-ға дейінгі жеңілдіктер қарастырылған. Ал «ТНП» сауда орталығында кейбір тауар санаттарына берілетін жеңілдіктер 22%-ға дейін жетеді. Сонымен қатар азық-түлік емес тауарларға да арнайы ұсыныстар қарастырылған.
«Наурыз Fest» акциясы халықты бірінші кезектегі қажетті тауарлармен және күнделікті сұранысқа ие өнімдермен қолжетімді баға бойынша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Акцияны өткізу мейрам қарсаңында азық-түлік пен өзге де тауарларға деген сұранысты қанағаттандырып, тұрғындардың әртүрлі санаттарының қажеттіліктерін өтеуге ықпал етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив