A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 23:00 0

Өскеменнің мерген журналисі анықталды

Бүгін / Өскемен

Қаладағы «Керемет» садақ ату орталығында қалам ұстап, сюжет түсірген 17 БАҚ өкілі жеңімпазды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Наурызнаманың онкүндігі мен Ұлттық киім күні қарсаңында қолға алынған шара қатысушыларды тіркеуден басталды. Бас-аяғы 17 журналист. Мерзімді басылым, сайт, баспасөз қызметінің өкілдері. Журналистер одағы ШҚО филиалының төрағасы Мерей Қайнарұлының айтуынша, жүлде қорына 150 мың теңге тігілді. 


- Бұндай сайысты мүмкіндігінше жиі өткізген дұрыс. Жүлдеден бұрын әріптестердің басын қосқымыз келді. Араларында сұрмергендер де бар, - деді төраға.


Қызығы сол, жігіттер мен қыздар араласып сайысты. Жарыстың өтуіне қолдау білдіріп, демеушілік көрсеткен «Ауыл» партиясы өкілдері де ұлттық спорттың тартысты өтуіне тілекші болды. Барлығы төрт топ. Алдымен қолды икемдеп, дене қыздыру мақсатында жай атып көрді. Әрі қарай сайыс тиегі ағытылды. Іріктеуде бәрі бес реттен атты. Ұпайы жоғары сегіз қатысушы ширек финалға жолдама алды. Ұйымдастырушылар ұлттық киіммен келу міндетті десе де, шиеленіс артқан сәтте кейбірі шешуге мәжбүр болды. Тұрысты реттеп, назар тек нысанаға ауды. Айналасы 10-15 минутта жеңімпаз анықталды. Нәтижесінде:


Ержанат Ынтымақ - 1 орын (70 мың теңге);
Ару Наурызбекқызы - 2 орын (50 мың теңге);
Нұрдәулет Қалибеков - 3 орын (30 мың теңге).

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив