Бүгін Наурыз мейрамына орай Республика алаңында 5201 домбырашы “Ақбұлақ” күйін орындап, Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауқымды флешмобқа қала мектептерінің оқушылары, жоғарғы оқу орындарының студенттері және домбыраны жетік білетін тұрғындар жиналды.
- Бүгінгі іс-шараның қатысушысы болғаныма қуаныштымын. Мен үшін бұл — үлкен мәртебе. Наурыз құтты болсын! - деді 10 сынып оқушысы Інжу Мұратқан.
Бұл бастама — ұлттық рух пен бірліктің айқын көрінісі.
Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер