A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:25 0

Өскеменде Наурыз мейрамы жоғары деңгейде өтіп жатыр

Бүгін / Өскемен

Бүгін облыс орталығында Наурыз мейрамы бірнеше жерде тойланып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Достық үйінің маңында төрт киіз үй құрылып, тұрғындар үшін жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, ұлттық ойындардан жарыс өтті.

- Наурыз — бәріміз үшін ең жылы, ерекше мейрам. Қазақ халқының осындай дәстүрлерін ұлықтайтын, құндылықтарын көрсететін Наурыз. Биыл қаламызда мереке ерекше сезіліп тұр. Мейрам қарсаңында өскемендіктерге тек жақсылық тілеймін! - деді қала тұрғыны Светлана Романова.

Айта кетейік, дәл қазір Республика алаңында оннан астам киіз үй тігіліп, концерт өтуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив