Бүгін Наурыз мейрамына орай Өскемен қалалық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік киіз үй» байқауы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сайыс нәтижесі бойынша 3 орын мен 150 мың теңге сертификатына “JanAna” қоғамдық бірлестігі ие болды. Жүлделі 2 орын мен 200 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықты ШҚО Прокуратурасы қанжығасына байлады. Ал 1 орынды Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ иеленді. Жеңімпаз ұжымға 300 мың теңге сертификаты табысталды.
Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер