A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 23:20 0

Өскемендегі Наурыз мейрамына арналған концертке эстрада жұлдыздары келді

Бүгін / Өскемен

Бүгін Республика алаңында өткен кешкі концертке елге белгілі бірқатар әнші келіп, халықты әсем әндерімен қуантты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл күні жергілікті өнерпаздармен қатар эстраданың танымал жұлдыздары — Жұбаныш Жексенұлы, «Алашұлы» және «Меховая 8/1» топтары, Еділ Байзақов өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

- Өскемен қаласы өте қатты ұнайды. Осыдан 10 жыл бұрын келгенімде еліміз бойынша ең таза қала деп кеткен болатынмын. Өскемен көркейе берсін, - деді «Меховая 8/1» тобының мүшесі Жандос Самалбеков.

Өнер жұлдыздарының әні мен сахнадағы ерекше атмосфера тұрғындарды да бей-жай қалдырмады. Көбісі билеп, барынша қолдап тұрды.

— Бүгінгі концерт ұнап жатыр. Таңнан бері түрлі ойындар ұйымдастырылып, киіз үйлер тігілді. Өзім Жұбаныш Жексенұлын көру үшін келдім. Әндері ұнайды, - деді қала тұрғыны Нұршат Кәрімқызы.

Мерекелік кеш соңында отшашу атылып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйлады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив