Жалпы бұлақ көзін ашу - Наурыз мейрамының игі дәстүрлерінің бірі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгін “Наурызнама” онкүндігінің соңғы Тазару күніне орай өскемендік белсенді жастар, қалалық волонтерлік фронт-офис еріктілері және “Жастар рухы” ШҚОФ белсенділері “Шешек” демалыс орнындағы бұлақ басын тазартты.
- Жалпы бұлақ көзін ашу - Наурыз мейрамының игі дәстүрлерінің бірі. Негізінен Наурыз мейрамы ертеден табиғат тазалығын сақтауды мақсат етеді. Қазақтың “Бұлақ көрсең, көзін аш” деуі де осыған дәлел, - делінген қала әкімдігі ақпаратында.
Пікірлер