Облыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында тазалық шаралары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгін Жамбыл Жабаев атындағы саябақ тазартылды. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та қатысты.
Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, түрлі ұйымдар өкілдері, еріктілер мен жастардан құралған жалпы саны 300-ге жуық адам саясақтың қарын күреп, қатқан мұзды ойып, қоқысты жинады. «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының жұмысшылары Жамбыл Жабаев ескерткішіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
️Айта кетейік, осындай тазалық шаралары тек Өскеменде емес, облыстың барлық қала, ауданында қолға алынған.
Пікірлер