A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 13:00 0

Қазақстанда машина жасау өндірісі 5,7 трлн теңгеге жетті

Бүгін / Республика

Қазақстанда машина жасау саласы жаһандық күрделі ахуалға қарамастан,  ұлттық экономикамыздың тұғырына айналды. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов Астанада өтіп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының ХІІІ форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Айтуынша, былтырғымен салыстырғанда өндіріс көлемі 13%-ға артқан.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 5,7 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі  шамамен 13%-ға өсті. Соңғы бес жылда экспорт көлемі екі еседен асып, 1,3 млрд доллардан 3,1 млрд долларға дейін артты. Бұл орайда, сыртқа шығарылатын өнімнің санымен қатар,  сапасы да арта түсуде.

Қазақстандық өндірушілер экспорттық нарықтарды сенімді түрде бағындыра бастады, - деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

Сонымен қатар ол кәсіпорында бүгінгі таңда қанша жұмысшы жұмыс істейтініне тоқталды.

Аталған көрсеткіштердің аясында еліміз бойынша 4 мың кәсіпорында жұмыс істейтін 130 мыңнан астам  білікті маманның қажырлы еңбегі тұр. Инвестициялар да өсіп келеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар үштен бірге артып,  шамамен 376 млрд теңгені құрады. Бұл  осы бағытта жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа деген бизнестің сенімін көрсетеді  әрі өнеркәсіпті одан әрі жаңғыртуға негіз болады. Саланың барлық басты бағыттарында оң динамика сақталып отыр. Оның ішінде автомобиль, ауыл шаруашылығы, теміржол және электротехникалық машиналарын жасау белсенді дамып келеді, - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің пайымдауынша, локализациялау деңгейін арттыру  және жоғары қосылған құны бар өнімдер шығару мемлекеттің бұлжымас басымдығы болып қала бермек, - деді Олжас Бектенов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив