Қаланың орталық көшелерінде тисіті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, Нұрмағамбетов және Горький көшелерінде жолақтар салу жұмыстары жүргізілген.
Мемлекеттік сатып алу сайтыдағы мәліметтерге сүйенсек, бұл мақсатта 142 млн теңгеден астам қаражат (ҚҚС-сыз) қарастырылған.
- Жеткізуші жалпы ауданы 13 200 шаршы метрге суық пішінделген пластикалық жолақтар салуға міндеттеледі. Жаңа жолақтардың бояуы жеткілікті түрде қатқанша көлік қозғалысынан қорғалуы керек. Мердігер ескерту белгілерін орнатуы керек, - делінген құжаттамада.
Пікірлер