Облыс орталығында саяжай маусымының басталуына байланысты қосымша автобус рейстері іске қосылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, тұрғындарды саяжайға жеткізу үшін арнайы алты бағыт қарастырылған. Қоғамдық көліктер қаланың түрлі аудандарынан қатынайды.
Осылайша, 15 сәуірден бастап №4а, 25а, 7а, 27а, 417 және 13а бағыттағы автобустар жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Пікірлер