Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың соты бойынша үкім шығады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сот отырысы белгіленген уақытта конвой бірінші орынбасарды сот залына кіргізді. Қорғаушы тарап судьяға алдымен ондағы блогерлердің бейнежазба түсіруіне тыйым салуын өтінді. Артынша сөз айыпталушыға берілді. Жақсылық Омар екі айдан бері тергеу изоляторында отырғанда болған жайт бойынша жақсылап ойланғанын айтты.
- Істеген ісіме қатты өтінемін. Бірақ олай еткенмен ешнәрсе өзгермейді. Келтірілген шығын мемлекет қалтасына емес, жеке тұлғаға келтіріліп, ол өтелді. Қорғаушы тарап айтқандай, жазаны жеңілдететін жағдайлардың ескерілуін сұраймын. Егер айыппұл салынса, қарызға кіріп болсын төлеуге дайынмын, - деді Жақсылық Омар.
Судья шешім шығаруға кетті.
Фото: nur.kz
Пікірлер