A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:15 0

Ертең Өскеменде сенбілік өтеді

Бүгін / Өскемен

Елде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясындағы екі айлық санитарлық тазалық және абаттандыру акциясы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

4 сәуірде Өскеменде қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған ауқымды сенбілік өтеді. 

Бұл күні қала тұрғындары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жеке кәсіп иелері қатыспақ.

Сенбілік барысында аулалар мен қоғамдық орындар тазартылып, көшелер мен ашық алаңқайлар ретке келтіріледі. Қоқыстар жиналып, жасыл аймақтарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізіледі. Ағаш отырғызу, гүлзарларды қалпына келтіру секілді жұмыстар да жоспарланған.

Сенбілік азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа деген жанашырлықты арттыруға, туған жерге деген жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді. Осы ретте Өскемен қаласының әкімдігі барлық қала тұрғынын сенбілікке белсенді қатысуға шақырады. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында екі айлық сенбілік акциясы 30 мамырға дейін жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив