Өңірде ветеринария саласындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар ШҚО Ветеринария басқармасына қарасты және тұрақты негізде кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау, зерттеулер жүргізу үшін қан сынамаларын алу, жұқпалы аурулардың алдын алу және таралуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралар қолға алынды.
Наурыз айының қорытындысы бойынша вакцинациялауға жататын мал басы 100%-ға қамтылды.
Жүргізілген жұмыстар шеңберінде аусылға қарсы вакцинациямен 330 414 бас ірі қара мал, 514 800 бас ұсақ мал, 9300 бас шошқа қамтылды. Сонымен қатар құтыруға қарсы 10 000 ит вакцинацияланды.
Диагностикалық зерттеулердің жылдық жоспары 1,2 млн сынаманы құрайды, оның 97,6 % бруцеллезге қарсы зерттеулерге тиесілі. Бүгінгі дейін бруцеллезге қарсы 200 153 сынама зерттелді.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралар эпизоотиялық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, аса қауіпті аурулардың таралуының алдын алуға, жануарлар денсаулығын сақтауға және халықтың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған.
Пікірлер