A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 14:45 0

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Бүгін / Басты / ШҚО

Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Нұрымбет Сақтағанов 2025 жылдың қорытындысына сәйкес облыста оң динамика байқалатынын айтты. Инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда салалары өсім көрсетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 838 млрд теңгеден асты. Инвестициялық портфельде 101 жоба бар. 
Құрылыс жұмыстарының көлемі 460 млрд теңгеге жуықтады.
Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 550 млрд теңгеден, ал сауда саласында 2 460 млрд теңгеден асты. 
407 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз деңгейінде тұрақтап, 29 мың адам еңбекпен қамтылды. 
Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында биыл 17 440 жұмыс орнын ашу (І тоқсанның қорытындысы бойынша 3 317 жұмыс орны ашылды) қарастырылып отырғаны жөнінде мәлімдеді. 
Әлеуметтік салада АӘК алушылар саны азайып келеді. 
Ауылдық аумақтарды дамыту және қоныстанушыларды қолдау бағдарламалары, соның ішінде «Шығыс шақырады» өңірлік жобасы жүзеге асырылып жатыр. 
Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән беріледі. Былтыр ұзындығы 856 шақырым болатын жолдар мен көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталды. 
Мемлекет басшысы экологиялық ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және өңірдегі туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив