Былтыр ШҚО Энергетика және коммуналдық қызметтерді реттеу департаменті реттелетін қызмет көрсетушілердің 227 өтінішін қарады. Олардың 180-і мақұлданып, 47 өтініш кері қайтарылды. Бұл туралы ШҚО Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Қуат Мустапин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардың орындалуын бақылау барысында кейбір компаниялар өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Нәтижесінде 5 компанияға жалпы сомасы 61 млн теңге өтемді тариф енгізілді.
Сонымен қатар өңір тұрғындары 2024–2025 жылдары жылумен қамтамасыз ету қызметтері үшін қайта есептеу алды. Жалпы халыққа 257 млн теңге (ҚҚС-мен) қайтарылды. Атап айтқанда, «Шығыс Жылу» АҚ – 229 млн теңге, «Востокэнерго» ЖШС – 21 млн теңге, «Молодежный» ЖШС – 3,4 млн теңге, «Л-ТВК» ЖШС – 1,6 млн теңге, «Зайсан», «Нарын КомХозСервис», «Күршім» КММ – 2 млн теңге.
Департамент өкілдері тұтынушылардың мүдделерін қорғау және қызмет көрсету сапасын бақылау басты назарда екенін жеткізді.
Пікірлер