A+ A A-

talgatzhan 24 Бүгін, 10:30 0

Өскемендіктер қаланың әр түкпіріндегі сенбілікке қатысып жатыр

Бүгін / Өскемен

Бүгін Өскемен қаласында «Таза Қазақстан» акциясы бойынша сенбіліктер өтіп жатыр. Бұған әр сала өкілдері қатысуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған акция шаһардың бірнеше жерін қамтыды. Атап айтсақ, 30 Гвардиялық дивизия, Астана, Протозанов көшелері және тағы басқасы. Күрек, сыпырғыштарын алған жауырындар қатар-қатар тұра қалып, қыстай әр жерде шашылған қоқысты жинады. Протозанов көшесі бойын мемлекеттік қызметшілер жиналды. Облыс әкімі аппаратының қызметкерлері де атсалысуда. Алмас Амангелдіұлының айтуынша, бұл акция Президент үндеуі аясында қолға алынды.
– Қазірше Протозанов көшесінде тазалық жүргізіп жатырмыз. Бұндай сенбілік 30 мамырға дейін жалғасады. Алдағы уақытта басқа учаскелер берілсе, сол жаққа да тазалақ жұмысын жүргізе береміз, – деді әкімдік өкілдерінің бірі.
Айта кетейік мұндай сенбілік Өскеменде әр жылы көктемде ұйымдастырылып отырады. Бастаманың бір шетіне шығысайын деген Раушан Аспанбетованың сөзінше, бүгін әкім аппаратынан және өзге де басқарма қызметкерлері біркісідей қатысып жатыр. Бас-аяғы 60-тан астам адам бас қосты. 
– Осы Протозанов учаскесін бізге биыл тағы бекітіп берді. Әрі қарай ауысып кетпесек, жазда да осы аумақ тазалығын қадағалаймыз. Халық та бізді қолдап, сенбіліктерге атсалысады деген сенімдеміз. Айнала шашылмай, жинақы болса барлығымызға жақсы ғой. Жасыл шаһар тазалығын сақтап, еліміздегі үлгілі қалалар қатарынан көргіміз келеді, – деді мемлекеттік қызметшілердің бірі.

Алмас Келесбай
Фотосурет автордікі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив