A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:00 0

Тұман, найзағай: 8 сәуірде ауа райы қандай болады

Бүгін / Республика

Қазгидромет 8 сәуірде ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда жаңбыр, найзағай ойнайды.
Қарағанды облысының батысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Атырау облысының батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде жаңбыр жауады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 16 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда жоғары өрт қаупі бар. Қонаевта жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 8 сәуірде найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда кей уақыттарда найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жуын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив