
Қазақстанның бюджеті жоспардан асып түсті: 6,4 трлн теңге
Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірістері жоспарлы көрсеткіштен асып түсті. 17%-ға жуық өсім байқалды. Бұл туралы Үкімет мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
— 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірістері 104,4%-ға орындалды. жоспарланған 6,2 трлн орнына 6,4 трлн теңге түсті; жоспар 268,7 млрд теңгеге асыра орындалды. 2025 жылмен салыстырғанда өсім 930,6 млрд теңгені (+16,9%) құрады Республикалық және жергілікті бюджеттер жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындады, — делінген хабарламада.
Жедел деректер бойынша 2026 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы (трансферттерді есептемегенде) 104,4%. Жоспардағы 6 176,2 млрд теңгенің орнына бюджетке 6 444,9 млрд теңге түскен. Асыра орындау — 268,7 млрд теңге.
— 2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 930,6 млрд теңгеге немесе 16,9%-ға ұлғайды. Кірістер бойынша жоспарлардың асып кетуі республикалық және жергілікті бюджеттерде тіркелді. Айта кету керек, 2026 жылға арналған салық түсімдері бойынша республикалық бюджеттің кірістері 18,886 трлн теңге сомасында жоспарланып отыр. Бұл 2025 жылғы нақты түсімдерден 4,4 трлн теңгеге жоғары, — делінген Үкіметтің хабарламасында.
Атап айтқанда, республикалық бюджеттің кірістері 101,8%-ға орындалды: жоспардағы 4 085,6 млрд теңгенің орнына 4 159,4 млрд теңге түсті. Өткен жылғы өсім 26,1% (+861,8 млрд теңге). Бұл көбінесе Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына әлемдік нарықтардағы бағалардың өсуіне, 2025 жылғы 4 тоқсанда ЭШФ жүйесінде тіркелген тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемінің өсуіне, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелеріне байланысты.
Республикалық бюджет кірісінің негізгі бөлігін құрайтын салықтық түсімдер (98%) 101,6%-ға орындалды: жоспардағы 4 012,8 млрд теңгенің орнына 4 077,6 млрд теңге түсті. Өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 31,5%. Бұл ретте 2026 жылғы қаңтар-наурызға 2025 жылғы IV тоқсанға (2026 жылғы 25 ақпанға дейін) ҚҚС төлеу мерзімі келгенін ескеру қажет. Тиісінше, ҚҚС бойынша салық міндеттемелері 12% ставка бойынша жүргізілді.
Өсім өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда импортталатын тауарларға КТС (+16,9%), ҚҚС (16% ставка бойынша есептелген) (+24,2%), пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (+35,7%) сияқты ірі салықтар бойынша қамтамасыз етілді.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 109,3%-ға орындалды: жоспардағы 2 090,6 млрд теңгенің орнына 2 285,5 млрд теңге түсті. Өткен жылғы өсім 3,1% (+68,8 млрд теңге).
Жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимінде 392 мың жеке тұлға тіркелген. ҚҚС төлеушілер саны 10 мың субъектіге артты.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша инфляцияны төмендетудің тұрақты үрдісі сақталуда. Наурызда инфляция қарқыны қаңтар–ақпандағы 1,0–1,1% салыстырғанда 0,6%-ға дейін баяулады. Төмендеу алтыншы ай қатарынан байқалады: 2025 жылғы қыркүйектегі ең жоғары мәннен кейін (12,9%) инфляция біртіндеп баяулауға көшті және 2026 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 11,0%. ҰЭМ болжамы бойынша, 2027 жылдың басында инфляцияның бір мәнді деңгейіне шығу ықтималдығы жоғары.
Өсім Қазақстанның экспорттық тауарлары бағасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемінің артуы, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелері есебінен қамтамасыз етілді.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы
Руханият
Жұлдыз жорамал
Пікірлер