Жыл басынан бастап бұл жұмысты ШҚО Ветеринария басқармасы «Досым» баспанасы арқылы жүзеге асырып келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Дегенмен ақпан айында қаңғыбас иттерді қадағалау жауапкершілігі қала әкімдігіне берілетіні белгілі болды. Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі шамамен 7,7 млн теңгеге мердігерлер үшін тендер жариялады. Алайда бірде-бір ұйым өтінім бермеді. Сондықтан тендер жарамсыз деп танылды.
Мердігерлердің тендерге неліктен қызығушылық танытпағаны туралы ресми түсініктеме жоқ.
- Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қатысты күрделі жұмыс. Ал байқау тендер ретінде өткізілді. Басты талап - ең төменгі баға. Сол себепті өтінім бермеуді шештім, - деді Елена Скосарева.
Оның айтуынша, мұндай қызметтерге қойылатын талаптар инфрақұрылымды, мамандарды және ресурстарды қажет етеді. Төмен баға ұсынатын кәсіпкерлер үшін бұл қолжетімді емес.
Тендер кейінірек қайта өткізіліп, 1 сәуірде аяқталды. Бұл жолы екі қатысушы қатысты. Астанадандағы «DUYSENBAY» ЖК компаниясы жеңімпаз болды.
Техникалық сипаттамада барлығы мұқият әрі егжей-тегжейлі көрсетілген. Жүйеге жануарларды аулау, ұстау, екпе салу, зарарсыздандыру, есеп жүргізу және барлық кезеңнің есептерін жүргізу кіреді.
Пікірлер