Облыс әкімдігі өкілдері әлеуметтік желіде Өскемендегі салынып бітпеген автозауыт «0 теңгеге беріледі» деп тараған ақпаратқа ресми жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әңгіме ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған және іске қосылмаған нысан жөнінде.
- Заңнама аясында конкурстық рәсімдер аяқталып, комиссия оң шешім шығарса, 15 жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру департаменті облыс әкімдігімен келісу арқылы мүліктік кешенді мемлекеттік органдардың біріне беру туралы шешім қабылдайды, - делінген ресми мәліметте.
Аталған аумақты мемлекет меншігіне бекіту оны жүйелі дамытуға мүмкіндік береді. Яғни инфрақұрылымды жаңғыртудан бастап, жаңа өндірістерді іске қосу мен инвестиция тарту қадамдары жасалуы мүмкін.
- Облыс әкімдігі бұл аумақта арнайы экономикалық аймақ құру мәселесін қарастыруда. Отандық және шетелдік инвесторларды тарта отырып, жаңа өндірістерді орналастыру жоспарлануда. Бұл заманауи өндірістік кластер қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған тартымды аймақ болмақ, - делінген ШҚО әкімдігі ақпаратында.
Пікірлер