Қазақстанда барлық ет бағасы былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда орта есеппен 18% өскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елде соңғы бір жылда қой еті қатты қымбаттаған. Оның құны 24,5%-ға өсіп отыр.
Сиыр еті шамамен 22%, жылқы етінің құны 15% өскен. Ал шошқа еті 13,5%, құс еті шамамен 11% қымбаттады.
Пікірлер