A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:10 0

Өскеменде пәтерді жалға алу бағасы 20%-ға өсті

Бүгін / Өскемен

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, наурыз айында қаладағы жаңа тұрғын үйлердің орташа бағасы бір шаршы метр үшін 530 773 теңгеге жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қолданыстағы үйлердің орташа құны шаршы метріне 418 061 теңге болса, жалдау ақысы 3 823 теңгені құрады. 
Айдың соңында жаңа тұрғын үйлердің бағасы ақпан айымен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Қолданыстағы баспаналардың құны 1,1%-ға өсіп, жалдау ақысы керісінше 2,6%-ға төмендеді. 
2025 жылдың наурыз айымен салыстырғанда Өскемендегі жаңа тұрғын үйлердің бағасы 10,2%-ға қымбаттады. Қолданыстағы үйлердің құны 10,8%-ға артты. Ал баспананы жалға алу бағасы бірден 20,4%-ға өсті. 
Жалпы Қазақстан бойынша наурыз айында жаңа тұрғын үйлердің орташа бағасы 612 315 теңгені (шаршы метр үшін), жалға беру құны 4 991 теңгені құрады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив