A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:30 0

Өскеменде үш ауданда жарық өшті

Бүгін / Өскемен

Кеше сағат 21:43-те апатқа байланысты қаланың үш ауданында электр қуаты үзілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

О.Бөкей көшесі, Қазыбек би даңғылы 24/1 және Сәтпаев даңғылы, 2 және 2/2 аудандарында кабель желісінің зақымдалған бөлігін табу үшін жедел топ жұмыс істеді.
Сәтпаев даңғылының жұп нөмірлі жағында да (6, 12, 20 және 60 ғимараттар) электр қуаты істен шықты.
Солжағалау емханасының маңында ақау шыққан жерді іздеу үшін жедел топ жұмыс істеді.
Сондай-ақ жұмыс тобы А.Күленов кентіне барып, трансформаторлық қосалқы станцияларды тексерді.
Бұдан бөлек, Сәтпаев даңғылы мен О.Бөкей көшесінде де көше жарығы өшті. Сағат 22:20-дағы жағдай бойынша Сәтпаев даңғылында жарықтандыру қалпына келтірілді, ал О.Бөкей көшесінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив