A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 14:40 0

Шығысқазақстандықтар жәрмеңке аясында Астанаға 150 тонна сәлемдеме апарады

Бүгін / ШҚО / Басты

3-4 қазан күндері елордадағы Қарқаралы, 1 мекенжайында орналасқан ипподром аумағында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жәрмеңкеге Өскемен қаласынан бөлек, облыстың 11 ауданынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

– Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам өнім түрі ұсынылады. Оның ішінде ет, сүт өнімдері, балық, бал және омарташылық өнімдер, өсімдік майы, жарма, шұжық өнімдері, қымыз, ұлттық өнімдер және тағы да басқа тауарлар бар, – делінген ақпаратта.

Жәрмеңке таңғы сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады. Өнімдер нарықтағы бағадан 15–20%-ға төмен бағада сатылмақ.

Жәрмеңке аясында Астана тұрғындары мен қонақтарына:

1) бал – 60 тонна;
2) шұжық өнімдері – 6,5 тонна;
3) сүт өнімдері – 10 тонна;
4) өсімдік майы – 25 тонна;
5) балық және балық өнімдері — 9 тонна;
6) мал және құс еті – 37,5 тонна;
7) қымыз және ұлттық өнімдер – 2 тонна;
8) алкогольсіз сусындар – 500 литр;
9) панты өнімдері – 0,5 тонна ұсынылады.

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 150,5 тоннаны құрайды.

Фото: сайт мұрағатынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив