Қала әкімдігінің ақпаратынша, 11 сәуірде жергілікті атқарушы органдармен келісімсіз аяқ киім дүкенінің ашылуы ұйымдастырылып, қолданыстағы заңнама талаптарын өрескел бұзу фактісі тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара барысында тегін палау таратылып, аяқ киімдер төмен бағамен сатылған. Бұл жиналған адам санының көптігіне себеп болды.
- Нәтижесінде азаматтар бақылаусыз және ұйымдастырусыз шоғырланып, қоғамдық тәртіптің бұзылып, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қауіп төнді, - делінген ресми мәліметте.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізді. Жиналған материалдар қаралу нәтижесінде іс-шараны ұйымдастырушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
Пікірлер