A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 09:50 0

Қазақстанға шетелдік саяхатшы келді

Бүгін / Республика

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor (@camperghini) халықаралық автотур аясында Қазақстанға келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алматыда оны Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қарсы алып, қаладағы негізгі туристік нысандармен таныстырып, өңірдің мәдени және табиғи әлеуетін көрсетті.
Сапар барысында блогер Алматы қаласының бірқатар көрнекті орнын аралады. Олардың қатарында Вознесенск кафедралды шіркеуі, Шымбұлақ тау-шаңғы курорты, Көктөбе және Медеу мұз айдыны бар. Сонымен қатар ол өңірдің этномәдени мұрасымен және туристік инфрақұрылымымен танысты.
Алматыдан бөлек, Connor Алматы облысындағы танымал туристік бағыттарды да аралады. Автотур аясында ол Шарын шатқалында болып, Қазақстанның табиғи көрікті жерлері туралы фото және бейнематериалдар түсірді.
- Қазақстанның Туризм және спорт министрлігіне көрсеткен қолдауы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Әсіресе Талғатты ерекше атап өткім келеді. Ол Қазақстан бойынша бүкіл турды өте жақсы ұйымдастырып, жоспарлады. Соның арқасында сапар әлдеқайда жайлы әрі қызықты өтті. Ол өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды және іске толықтай берілген. Кәсіби шаңғышы болмаса да, ол маршруттың барлық кезеңінде бізбен бірге жүріп, әрдайым жанымыздан табылды – деді блогер өз видеосында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив