A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:25 0

Тарбағатай ауданында жоғалған 2 жастағы бала аман-есен табылды

Бүгін / Тарбағатай

Аудандағы тәртіп сақшылары көшеде үлкендердің қарауынсыз жүрген баланы байқап, аман-есен үйіне қайтарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

14 сәуір сағат 11:00 шамасында Ақжар ауылындағы учаскелік полиция инспекторы Диас Жұмаділов пен патрульдік полиция инспекторы Нұрасыл Қабылқақов далада жалғыз жүрген екі жастағы баланы байқаған. 
- Күннің суығына қарамастан кішкентай бүлдіршіннің үстінде жеңіл жейдемен, шалбарсыз, жалаң аяқ жүрген. Бала табылған жерденің жанында ашық әжетхананың болған. Тәртіп сақшылары баланы бірден көлікке отырғызып, ата-анасын іздеуге кіріскен. Олар мессенджер арқылы хабарлама таратып, маңайдағы үйлерді түгел аралап шыққан. Бір сағат ішінде ұлын іздеп жүрген баланың әкесі табылды. Белгілі болғандай, үйдегілер байқамай қалған сәтте бүлдіршін есіктен шығып кеткен, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 
Полицейлердің дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында бала аман-есен әкесіне табысталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив