Кеше өзін осы дүкен өкілімін деп таныстырған ер адамның көпшіліктен кешірім сұраған бейнежазбасы тараған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімдігі бүгін сол оқиғаға байланысты тағы бір мәліметпен бөлісті.
– Сәуірдің 11-і күні Өскеменде «Bashpai» дүкенінің ашылуына байланысты жергілікті атқарушы органдар келісімінсіз жаппай іс-шара ұйымдастырылған. Тегін тағам таратылып, тауарлар төмендетілген бағамен сатылған. Бұл азаматтардың жаппай жиналуына себеп болды, – делінген мәліметте.
Одан бөлек, қоғамдық тәртіп те бұзылған көрінеді.
– Аталған факт бойынша Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – делінген ақпаратта.
Пікірлер