A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 11:30 0

Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Бүгін / Республика

Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды.
Вице-министрдің айтуынша, бұл көрсеткішті кезең-кезеңімен арттыру жоспарланған. Халықаралық тәжірибеде ең төменгі жалақы медианалық жалақының шамамен 50 пайызына тең болуы тиіс. Осы есепке сәйкес елдегі мақсатты деңгей – 150 мың теңге.
Алайда нақты мерзім әзірге белгісіз. Бұл шешім республикалық бюджеттің кірісіне және экономикалық жағдайға байланысты қабылданады.
- Егер биылғы түсімдер тұрақты болса, мұндай өсімді жүзеге асыруға қаржылық мүмкіндік пайда болады, - деді Азамат Әмрин.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив